Жану — энергияның қарқынды бөлініп

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жануэнергияның қарқынды бөлініп , қоршаған ортамен жылу және масса алмасуы арқылы жүретін физикалық-химиялық реакция. Жану реакциясы жүру үшін жүйеде активті аралық заттардың (тізбекті жану) немесе жылудың (жылулық жану) жинақталуы шарт. Ең көп тарағаны — жылулық жану Жылулық жану — әр түрлі формада өтетін күшті экзотермиялық реакция. Жануға: жүйенің бүкіл көлемінде реакция жылдамдығының өздігінен үдеуі (өздігінен тұтануы); сырттан әкелінген энергия көзінен шағын көлемде реакция жылдамдығының өздігінен үдеуі (отпен тұтату); кеңістікте тарайтын реакцияны тар аймақта жүргізу; белгілі бір көлемде алғашқы заттарды әкеліп, реакция өнімдерін алып кетіп отырғанда өздігінен қызуы болатын жоғары температурада жүретін стационарлық немесе квазистационарлық реакциялар жатады. Жанудың және оны өшірудің мынадай жағдайлары бар: температураны, қысымды, жүйе өлшемін, т.б. аздап өзгерткенде баяу жүретін реакцияның жану режиміне өтуі немесе, керісінше, жану тоқтауы мүмкін. Реакция гомогенді жануда реагенттердің молекулалық деңгейде араласқан қоспасында, ал гетерогенді жануда жануға қатысатын заттардың бөліну шекарасында жүреді. Буланатын сұйық жанғыш заттардың ауамен жанасуы кезінде пайда болатын гетерогенді жану кең таралған. Жану өнімдері газ, конденсацияланған заттар түрінде болуы мүмкін. Конденсацияланған фазадағы газсыз жануда бастапқы және аралық заттар, реакция өнімдері болады. жанудың химиялық табиғаты әр түрлі. Жану, негізінен, оттек қатысуымен жүреді. Сондай-ақ, оттексіз жану реакциялары да белгілі: ацетиленнің, жарылғыш заттардың, бір компонентті реактивтік отынның ыдырауы; металдарды хлорлау, фторлау, азоттау және гидрлеу; элементтерден карбидтерді, боридтерді, силицидтерді тікелей синтездеу, т.б.

<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0</ref>

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы <references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жану — энергияның қарқынды бөлініп|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}