Жантайлақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жантайлақ (туған жылы белгісіз — 9.1931, Қытай, Шіңгіл ауданы) — Қытайдағы жергілікті әкімшіліктің қазақ ауылдарына жасаған империялық өктемдігіне қарсы шыққан күрескер. 1928 жылы жазда Алтай аймағының губернаторы болып тағайындалған Ви Жыңго Алтай қазақтарына әскери қысым көрсетіп, ауыр салық салады. Бұған Жантайлақ, Зұха бастаған қарулы топ қарсы шығады. Бұл топ басшыларының соңына түскен губернатор Ви Жыңго 1930 жылы Мадарың дейтін жендетін жіберіп, Зұханы өлтіртеді. 1931 жылы қыркүйекте “Жантайлақ биыл жайлаудан ерте түсті. Базарқұл елін бастап, Моңғолияға көшіп кетпекші” деген жалған жаламен Шіңгіл ауданының Бұлғын деген жерінде отырған Жантайлақты да өлтіртеді. Жантайлақ жазықсыз жазаланғаннан кейін Зәйіп тәйжі бастаған мыңнан астам қазақ отбасы Шіңгілден Боғда өңіріне үдере көшеді.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жантайлақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}