Жансебілдік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жансебілдік — адам бойындағы ерекше төзімділікті білдіретін этикалық ұғым. Өмірдің қиындығы мен ауыртпалығын жеңетін басқа амал таппағанда, адам оған еріксіз төзуге мәжбүр болады. Жансебілдік қасиет адам бойындағы ерік-жігерге, сондай-ақ, оның табиғи мінез-құлық ерекшелігіне (флегматик) тығыз байланысты.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Жансебілдік— адам мінезінің, ерік-жігерінің итжандылық, көнбестілік, төзімділік қасиеттері. Қазақ халқы бірнеше ғасыр бойы үстемдік еткен өктемшіл жүйе мен өзге халықтың ықпалында болып, отаршылдық саясатқа көнбістілікпен шыдап келді. Әр алуан қысым жасауға, кемсітушілікке шыдап бақты. Әілеуметтік өмірдің заңы мен қағидасы сондай екен деген сенімде болды. Жансебілдік қаншалықты ұнамды әрі жағымды мінез қасиеті болғанымен, сырт тараптан әділетсіздік пен қысым көрсетілген жағдайға қарсы серпіліс туғызатыны табиғи және әлеуметтік факторлар болып табылады. "Өтірік қанша жансебіл болса да, өсіп өркендейтін тек шындық қана" деп сол шындық күресінің ұранын көтерді. Жансебілдік мінездің ерекше қасиеті ретінде ерік-жігер деп аталатын психикалық үрдістермен тығыз байланысты түрде дамиды. Осы орайда "Ерік — мінез жотасы" деген мәтел қалыптасқан. Жансебілдік мінез бен ерікті әрекеттің қасиеті ретінде адамда туа пайда болатын жоғары жүйке қызметінің типтерін білдіретін темпераменттің флегматик түрімен төркіндес екенін атап көрсету орынды болмақ.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}