Жанпейіс Нұрмаханбетұлы Қобланов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жанпейіс Нұрмаханбетұлы Қобланов - 1959 жылы 11 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Мақталы ауылында туған. Педагогика ғылымдарының кандидаты (1998).
Әкесі - Қобланов Нұрмаханбет (1911-1993). Анасы - Қобланова Хадиша Асанбайқызы (1925-1993).
Өмірбаяны
- Шымкент педагогикалық институтының дене тәрбиесі және спорт факультетін (1984), дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі;
- Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің қаржы және несие факультетін бітірген (2003), экономист-қаржыгер.
- Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің танымдық қызметтерін белсенді ету».
- Халықаралық психология ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі (2000 жылдан).
- М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры (2001 жылдан).
- 1984 жылдан - Шымкент дене тәрбиесі техникумының дене тәрбиесі мұғалімі, күндізгі оқу бөлімінің меңгерушісі, директор орынбасары.
- 1991 жылдан - М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі, спорт және туризм факультетінің деканы.
- 2003 жылдан - «Қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық дайындық орталығы» РМҚК директоры.
- 2006 жылдан бері - М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Дене шынықтыру институтының директоры.
Еңбектері
- «Спорт әлемінің тарихы мен түсіндірме сөздігі» (Шымкент қаласы, 1999)
- «Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы» (Алматы қаласы, 2002)
- «Спорттық қызметтерді психологиялық қамтамасыздандыру» (Шымкент қаласы, 2004) кітаптарының;
- «Сутденттердің танымдық әрекеттерін үдету» монографиясының (Шымкент қаласы, 1998);
- 70-тен астам ғылыми мақалалар мен жарияланымдардың авторы.
Марапаттары
- ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1998).
- ҚР Білім беру ісінің үздігі (1998).
- ҚР спортының құрметті қайраткері (2003).
- ҚР БҒМ ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері (2008).
- ОҚО Түлкібас ауданының Құрметті азаматы.
- ҚазКСР спорт шебері (1982).
- Ы. Алтынсарин атындағы (2006)
- «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен,
- «Қазақ күресін дамытуға зор үлес қосқан үшін» Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының құрмет медалімен (2010);
- «ҚР дене тәрбиесі және спортын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін» белгісімен (1997);
- ҚР БҒМ, ҚР ҰОК Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Жеке қасиеттері
- Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерін біледі.
- «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2005 жылдан).
- Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
- Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Әлемнің дамыған 50 елі қатарындағы мемлекет».
- Хоббиі - әдеби шығармаларды оқу, классикалық музыкаларды тыңдау.
- Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиет.
- Үйленген. Жұбайы - Қобланова Сәуле Сағындыққызы (1961 жылы туған). ұлдары - Ержан (1985 жылы туған), Жандос (1988 жылы туған), Нұржан (2000 жылы туған). Немересі - Аделина (2008 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>