Жанна Жеңісқызы Толысбаева
Үлгі:Жедел жойылсынҮлгі:Ғалым Жанна Жеңісқызы Толысбаева — филология ғылымының докторы, профессор.
Мазмұны
Өмірбаяны, еңбек жолы
1968 жылы Семей қаласында туған.
Семей мемлекеттік педагогикалық институтын (қазіргі Шәкәрім университеті) орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген.
1989-2007 жылдары осы институтта кафедра ассистенті, кафедра меңгерушісі, 2007 жылдан Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта Қазақ ұлттық хореография академиясының өнертану және арт-менеджмент кафедрасында профессор.<ref>Толысбаева Жанна Жеңісқызы.</ref>
Ғылыми бағыты, еңбектері
Негізгі ғылыми бағыты – қазіргі Қазақстан поэзиясы. Қазіргі уақытта Қазақстан және әлем әдебиетін, мәдени құбылыстарды зерттеуде.
"Лирическая поэма рубежа II-III тысячелетий" (2005) атты ғылыми монографияның, 15 оқу және оқу әдістемелік құралдың, 330-дан астам ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы.
Марапаттары
- Маңғыстау облысы "Жыл адамы-2010" байқауының "Жыл ғалымы" номинациясының жеңімпазы;
- Жоғары оқу орнының үздік ооқытушысы (2008).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>
- "Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісі (2001);
- "Ыбырай Алтынсарин төсбелгісі" (2009);
- "Қазақстан Конституциясына 20 жыл медалі" (2020);
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің Құрмет грамотасы.