Жанкісі Көшекұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жанкісі Көшекұлы (1734, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Маманай ауылы — 1817, сонда) — ақын, батыр. Қожаберген — Асқан медресесінде, кейін Бұхара медресесінде оқыған. Көшек батырдың он төрт баласының бірі. Он жасынан өлең шығарып, ән салған, домбыра, сыбызғы тартқан. Жанкісі 1752 — 1758 жылдары қазақ-жоңғар соғысында ерлік көрсетіп, батырлығымен көзге түскен. 1759 жыл түрікмендерден Маңғыстауды, Кердері шағылын (Красноводск ауданы бұрынғы атауы) азат етуге белсене қатысады. Жанкісі жырларының көпшілігі сақталмаған. Тек “Керей Бөгенбай батыр”, “Керей Бердіқожа батыр” дастандары, Қанжығалы Бөгембай батырды жоқтауы, жас туралы толғауының, “Бақсары батыр” жырының үзінділері ғана жеткен.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жанкісі Көшекұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}