Жания Әділбек
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жания Әділбек - 1974 жылы 6 мамырда Қарағанды облысы Абай қаласында туған. 1995 жылы ҚазМБА-ны, 1998 жылы ҚазМБА аспирантурасын бітірген, экономист.
- 1994-95 жылдары - «Қазкоммерцбанк» ААҚ несие басқармасының жетекші маманы.
- 1995-98 жылдары - «Қазкоммерцбанк» ААҚ несиелеу департаментінің жетекші сарапшысы - несие менеджері.
- 1998-2001 жылдары Азиялық несие компаниясының (Орталық-Азиялық-Америкалық кәсіпкерлікті қолдау қоры, USAID) несие жөніндегі жетекші
маманы.
- 2001-04 жылдары - ЕҚҚДБ Кеңесшілік қызметті дамыту бағдарламасының жобалар жөніндегі директоры.
- 2005-06 жылдары - Астана қаласында кәсіпкерлікті дамыту орталығының («Pragma» корпорациясы, USAID) директоры.
- 2006 жылдан - «Finpro Kazakhstan» өкілдігінің (Финляндияның Алматы қаласындағы сырты сауда орталығы) басшысы.
Қазақстанның шағын және орта бизнесі үшін кеңесшілік қызмет көрсету мәселелері бойынша 12 ғылыми мақаланың авторы.<ref>Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X</ref>
Дереккөздер
<References/>