Жандарбек Зікірия Заманханұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Жандарбек Зікірия Заманханұлы (1953 ж.т., Түркістан қаласы) - дінтанушы ғалым. 1984 ж. ҚазМУ-дің филология факультеттінің араб тілі бөлімін бітірген. 1984 - 86 ж. мектепте мұғалім, тәрбиеші қызметтерін атқарды. 1986 жылдың желтоқсан айынан Әзірет Сұлтан қорық-музейінің ғыл. зерттеу бөліміне қызметке ауысады. Осы кездей ғыл. жұмыстарға ден қойды. 1988 ж. мұражай қызметкерлерімен бірге жүргізген іздестіру жұмыстарының арқасында «Насаб-нама» шежіресінің алғашқы нұсқасын табады. 1990 жылдан «Насаб-нама» шежіресі жайлы алғашқы ғыл. мақаласы жарық көрді. 1991 жылдан Ахмет Иасауи атынд. Халықар. Қазақ-Түрік унивеситеттінде ашылған «Иасауи лабораториясына» қызметке тұрды. 1991 - 2005 ж. унивеситет жанындағы ғыл.-зерттеу ин-тында аға ғыл. қызметкер, жетекшіғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. Көне қолжазбаларды жинау мен оларды ғыл. айналымға енгізу, Қожа Ахмет Иасауи мен ол негізін салған сопылық жолдың тарихына қатысты жүргізген зерттеу жұмыстарын, тек Қазақстан емес, халықар. ғыл. қауымдастық мақұлдады. Ол бастаған «Насабнама» нұсқаларын зерттеу жұмысы шетелдік ғалымдар тарапынан қолдау тауып, бұл бағыттағы жұмысты тереңдете жүргізу үшін Швейцария мемлекеті арнайы грант бөліп, АҚШ, Щвейцария, Өзбекстан, Қазақстан ғалымдарын бірлестіре отырып кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізді. 2000 ж. ЮНЕСКО-ның тапсыруымен Қожа Ахмет Иасауи «Хикметтерін» қазақ тіліне аударған топ құрамында болды. 2008 ж. шетелдік ғалымдармен бірге атқарған ғыл. жұмыстарының нәтижелері «Исламизация и сакральные родословные в Центральной Азии» деген атпен жарық көрді. Екі монографияның, 70-тен аса ғыл. мақалалардың авторы. Жандарбек Зікірия Заманханұлы ұсынған қазақ тарихын зерттеудің жана концепсиясында қазақ халқының тарихи жады толығымен қазақ тарихынан орын алады. Қазақ шежіресі мен аңыздарьга, батырлық жырлары, т.б. ауыз әдебиеті үлгілерін қазақ тарихы ғылымы қажетіне пайдалану жолдары туралы жазған мақалалары ғыл. басылымдарда жарияланып жүр.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub