Жангелдин ескерткіші
Үлгі:Монумент Әліби Жангелдин ескерткіші – Алматы қаласындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қатарындағы монументтік өнер құрылысы ескерткіші.
Орналасқан жері
Алматы қаласы, Алматы-1 теміржол бекетінің алаңы.
Орнатылған кезеңі және авторы
Ескерткіш 1975 жылы орнатылған. Мүсіншілері – Т.С. Досмағамбетов, О.Г. Прокопьева, сәулетшісі – Ш. Уәлиханов.
Ескерткіш сипаты
Әліби Жангелдиннің ескерткіші – ұлттық стильдегі оюлармен безендірілген қара мәрмәрмен көмкерілген қомақты төртбұрышты тұғырға орнатылған монументалды мүсін. Ескерткіштің жалпы биіктігі 11 м. Атақты революционер және қарапайым қазақтардың құқығы үшін күрескер Әліби Жангелдин екпінді және қайтпас тұлға болған. Ол қадам жасаған күйінде бейнеленген, фигура өте динамикалы және эксперссивті. Авторлар ұжымы батырды ерекшелеп тұратын қайнап тұрған қуаттылық пен энергияны жеткізе алды. Бұл туындылары үшін авторлар Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығымен марапатталды.<ref>Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9</ref>
Мүсін өзі орналасқан алаң келбетіне жарасымды, вокзал үйімен үйлесім тапқан.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>