Жанбоз Екібаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жанбоз Екібаев (1932, Маңғыстау ауданы Таушық ауылы – 1984) – педагог. Атырау педагогикалық институтын бітірген (1960). 1949 – 77 жылы Маңғыстау ауданы мектептерінде мұғалім, Тұрыш мектебінің директоры, 1977 – 84 жылы Бейнеу ауданы мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болды. Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» (1965). «Еңбектегі ерлігі үшін» (1964) медалі, «Құрмет белгісі» (1976) орденімен марапатталған.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 </ref> <ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; </ref> <ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>
Дереккөздер
<references/>