Жанат Әскербекқызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жанат Әскербекқызы<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref> 1966 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 19871995 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Құйған ауылындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. 19952000 жылдары Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушылық қызметте болады. 1999 жылы «Оралхан Бокей прозасындағы мифологизм мәселесі» тақырыбына кандидаттық диссертация, 2010 жылы "Мифтің поэтикадағы қызметі" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 2000 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында қызмет істейді. «Әлем әдебиеті» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі.

Шығармашылығы

1995 жылы «Қарлығаш» жас ақындар жинағына өлеңдері енген. «Ғарыш билер ғүмырымды» (1999), «Қаракөз бұлақ» (2001), «Қаңтардағы қызыл гүл» (2001), «Көктүріктер әуейі» (2002), «Қаз қанатындағы ғұмыр» (2007) жыр жинақтары шыққан. «Миф дүниесі және көркемдік әлем» (2004), «Көркемдік өріс» (2008), "Мифтің поэтикадағы қызметі" (20010) ғылыми-зерттеу кітаптарының авторы. Орыс ақындары М.Лермонтовтың, Н.Гумилевтің, жапон ақыны Сай-генің, Басенің, тәжік ақыны Фарзонаның өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Өз өлеңдері қырғыз тілінде шыққан «Қазақ поэзиясының антологиясы» жинағына енген.

Жетістіктері

1993 жылы ұйымдастырылған республикалық «Аққұс» ақындар мүшәйрасының жүлдегері. Республикалық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің бас жүлдегері. Қасым Аманжоловтың 90 және 100 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының жүлдесін иемденді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына ұйымдастырылған бәйгеде «Көктүріктер әуені» өлеңдер топтамасы үшін үшінші жүлдені жеңіп алды. Әбдіраштың Жарасқаны атындағы сыйлықтың лауреаты (2004), "Шығыс шынары" Халықаралық жыр мүшәйрасының екінші жүлдегері.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}