Жанат Құнапияқызы Нұрбекова
Үлгі:Ғалым Жанат Құнапияқызы Нұрбекова — педагогика ғылымының докторы (2008), профессор (2010).
Мазмұны
Өмірбаяны, еңбек жолы
1968 жылы 22 ақпанда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Бастаушы ауылында туған.
Қазақстан Республикасы Педагогика ғылымдары (2010), Халықаралық ақпараттандыру академияларының (2011) академиясын, Томск мемлекеттік университетін (1990), Алматы мемлекеттік университетін (1998, қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) бітірген.
Павлодар педагогикалық университетінде аға оқытушы, доцент, директордың орынбасары, аға ғылыми қызметкер, кафедра меңгерушісі, орталық директоры, декан (1996-2011) қызметтерін атқарған.
2011 жылдан Еуразия ұлттық университетінде декан.
Ғылыми бағыты, еңбектері
"Оқыту және тәрбие теориясы мен әдістемесі" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
147 ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монография, 21 электронды оқулықтың авторы.
Марапаттары
- "С. Торайғыров" алтын медалі (2010);
- "Ыбырай Алтынсарин төсбелгісі" (2010);
- Қ. Сәтбаев атындағы сыйлықтың лауреаты (2009);
- Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2009).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>