Жанат Сейітқасымқызы Сейтенова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сейтенова Жанат Сейітқасымқызы1954 жылы 7 қаңтарда Қызылорда облысы Шиелі ауданында туған. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>

1973 жылы Мәскеу полиграфия институтына түсіп, 1978 жылы полиграфиялық өндірістің инженер-технологы мамандығы бойынша аяқтады.

"Кітап» РӨБ-інің Кітап фабрикасына жұмысқа жолдама берілді. Офсетті цехтың шебері, теру, офсетті цехтың бастығы болды.

1985-1992 жылдары өндіріс бөлімінің аға инженер-технологы, 1992-1999 жылдары – «Кітап» РӨБ бас технологы, 1999-2002 жылдары өндірістік-техникалық бөлім бастығы қызметтерінде болды.

2002 жылдан қазіргі кезге дейін «Жедел басу типографиясы» ЖШС директорының өндіріс бойынша орынбасары.

«Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» құрмет белгісімен, құрмет грамотасымен, ақшалай сыйлықтармен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}