Жанат Михайлқызы Шаекина
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жанат Михайлқызы Шаекина (01.03.1957 жыл, Қарағанды облысы) – экономика ғылымдарының докторы (2005), профессор (2008).
Қазіргі Қарағанды мемлекеттік университетін (1979) "Экономика және материалдық-техникалық жабдықтауды жоспарлау" мамандығы бойынша бітірген. Мамандығы: маркетинг, туризм, әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету. Қарағандыоблауылшартехника" кәсіпорынының жоспарлау-экономика басқармасында инженер (1979–1981); 1981 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары, профессор қызметін атқарады.
2006 жылдың наурызынан 2010 жылдың қыркүйегі аралығында Ясауи атындағы ХҚТУ-ні жанындағы 080005 – Экономика және халық шаруашылығын басқару, 080012 – Бухгалтерлік есеп, аудит, статистика мамандықтары бойынша экономика ғылымдарының докторы дәрежесін беру жөніндегі диссертация\ларды қорғау бойынша диссертациялық кеңес мүшесі. 2010 жылдың қазанынан - ҚР Білім министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі комитеттің экономикалық ғылымдар жөніндегі сараптамалық кеңес мүшесі.<ref>Шаекина Жанат Михайловна</ref>
100-ден астам ғылыми жарияланым мен 3 монографияның авторы.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>
Ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау: экономика ғылымдарының докторы - 1, экономика ғылымдарының кандидаты - 3, магистрлер - 15.
Марапаттары мен атақтары
ҚР ғылымын дамытудағы еңбегі үшін төсбелігісі (2005), "2007 жылғы ЖОО-ның үздің оқытушысы", "Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың 40 жылдығы" мерейтойлық медалі (2012).
Негізгі ғылыми еңбектері
- Базарова С.К., Шаекина Ж.М., Набиев Е.Н. Маркетинг негіздері. Астана: «Парасат Әлемі», баспасы 2007.-242 б.
- Базарова С.К., Шаекина Ж.М., Набиев Е.Н. Халықаралық маркетинг. Қарағанды:ҚарМУ баспасы, 2007.-183 б.
- Шаекина Ж.М., Тлеубердинова А.Т., Садуов А.Ж. «Маркетинговые исследования туристского потенциала Карагандинского региона» (под. общ. ред. д.э.н. проф. Шаекиной Ж.М.) – Караганда: Изд-во КарГУ, 2008-204 с.
- Шаекина Ж.М., Тлеубердинова А.Т. «Consumer choice travel services». Nauka i studia. – Praha, № 8 (20). – 2009. – Р.34-39.12.
- «Логистический менеджмент в повышении конкурентоспособности экономики» - Вестник МКТУ им. А. Ясави. – 2010. - № 1-2 (67-68).- С. 122-127.<ref>Шаекина Жанат Михайловна</ref>
- Проблемы управления жизненным циклом горных машин (2002);
- Туристический бизнес и его правовое регулирование (2006).<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}