Жанат Аңсабайқызы Чайкина
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Кинематограф Жанат Аңсабайқызы Чайкина (1954 жылы 14 маусымда Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылында туған) — актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1991). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актрисасы.
Толығырақ
- Жанат Аңсабайқызы 1954 жылы 14 маусымда Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылында дүниеге келген.
- 1971 - 1975 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік бөлімін бітірген.
- 1975 жылы Талдықорғандағы облыстық қазақ драма театрына қызметке келіп, театрдың негізін қалаушылардың бірі болды.
- 2008 жылы Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрына ауысты.
Сахнадағы негізгі рөлдері
Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» – Баян, «Ақан сері-Ақтоқты» – Ақтоқты, «Қыз Жібек» – Қамқа, М. Әуезов «Қарагөз» – Қарагөз, «Еңлік-Кебек» – Еңлік, «Хан Кене» – Қарашаш, К. Гольдони «Екі мырзаға бір қызметші» – Беатриче, У. Шекспир «Асауға тұсау» – Катарина, «Сонеттер» – Ақын, «Король Лир» – Корделия, Шут, А. Чехов «Ваня ағай» – Соня, «Шағала» – Заречная, Ф. Шиллер «Мария Стюарт» – Мария Стюарт, Еврипид «Медея» – Медея, А. Цагарели «Ханума» – Ханума, Ш. Айтматов «Ана–Жер Ана» – Жер Ана және т.б бейнелерді сомдайды.
Марапаттары
- Халықаралық театр фистивальдерінің бірнеше мәрте лауреаты.
- 1978 жылы республикалық жастар шығармашылығы байқауының дипломанты. 1995 жылы "Матай" қоры жарияланған І.Жансүгіров атындағы бәйгені жеңіп алды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
- 1991 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (Қазақ КСР);
- 2015 жылы елбасының жарлығымен «Құрмет ордені» мен марапатталған.
- 2016 жылы Қазақстанның "Еңбек ардагері" медалінің иегері.
Дереккөздер
Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}