Жанар Ғабиденқызы Мұстафина

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Жанар Ғабиденқызы Мұстафина (26.7.1936 жылы туған, Ресей, Новосібір қаласы) – ғалым-офтальмолог, қоғам қайраткері, профессор (1988), Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1990).

Арғын тайпасы Қуандық руы Мұрат бөлімінен шыққан<ref>https://adebiportal.kz/upload/iblock/444/4441c0b93a6e7e908b363b7e87f7a6e6.pdf</ref>.

Қазақ мемлекеттік медицина институтынтын бітірген (1960). 1960 жылдан қазірге дейін Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында қызмет істейді (1988 – 2001 жылы директоры). Негізгі ғылым-зерттеу жұмысы көру мүшесінің патологиясы (глаукома, қан тамырлары патологиясы, миопияның генетикалық аспектілері, т.б.) бар ауруларды анықтауға, емдеуге және сауықтыруға арналған. Мыс қорыту өндірісінде жұмыс істейтін адамдардың көз патологиясына ұшырау себептерін зерттеді. МҰСТАФИНА Жанар Ғабиденқызының басшылығымен глаукома ауруын анықтау, емдеу және одан зағип болып қалмау әдістері жетілдірілді; офтальмол. жұмыстарға қажетті директивті-нормативтік құжаттар әзірленді; халыққа офтальмологиялық көмек көрсету мәселесі және Қазақстанда көз микрохирургиясы ұйымдастырылды; оқу-әдістемелік және ғылыми-өндірістік “Офтальмология” бірлестігі құрылды. “Құрмет белгісі” және “Парасат” ордендерімен марапатталған.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы cілтемелер

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:Stub