Жанарбек Әшімжан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жанарбек Әшімжан - қазақтың ақыны, журналист, публицист.

Өмірбаяны

1976 жылы 1 сәуірде Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалаңаш ауылында туған.

1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

Алғашқы туындылары аудандық «Хантәңірі», облыстық «Жетісу» басылымдарында жарық көрген.

19961999 жылдары қалалық «Алматы ақшамы» газетінде тілші,

2000 жылы «Қазақстан» журналында бөлім редакторы қызметтерін атқарған.

20002005 жылдары республикалық «Жас Алаш» газетінде бөлім меңгерушісі,

20052008 жылдары республикалық «Жас қазақ» ұлттық апталығында бас редактордың орынбасары болып қызмет еткен.

2008 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Жұлдыз», «Простор», «Сын» журналдары мен «Қазақ әдебиеті» газеттерін біріктірген «Қаламгер-Медиа» орталығының директоры қызметін атқаруда'<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>.

Жетістіктері

2002 жылғы Халықаралық «Шабыт» фестивалінің бас жүлдегері.

Түркістан қаласында өткен Өмірбай Сәуірбаевқа арналған республикалық жыр мүшәйрасының I жүлдегері,

«ТұранӘлемБанкі» ұйымдастырған республикалық жыр бәйгесінің, «Бір өлең — бір әлем» атты халықаралық жыр мүшәйрасының бас жүлдегері.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының «Журналистикаға сіңірген еңбегі үшін» арнайы медалімен марапатталған.

Өлеңдері 2004 жылы «Өлке» баспасынан жарық көрген «Жас ақындар антологиясына» енген.

Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы республикалық жас қаламгерлер кеңесінің төрағасы.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}