Жамлиқа Шалұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жамлиқа Шалұлы (10.3.1939 жылы туған, Моңғолия, Баян-Өлгий аймағы, Тұлба сұмыны (ауданы) - ақын, жазушы, аудармашы.

Жетістіктері

1965 жылы Моңғолия мемлекеттік университеттін, Моңғолия Орталық Жастар одағында, Моңғолияның газет-журналдарында 35 жыл қызмет атқарған.

Шығармалары

Шығармаларын моңғол тілінде жазады. "Алтай тынысы", "Күн досы", "Тау өзенінің тасқыны", "Тау жарығы", "Ыстық жаздың жауыны", "Үлкен үй", т.б. роман, повесть, өлең, жыр жинақтарының авторы. М.Әуезовтің "Абай жолы" романының II кітабын, С.Мұқановтың "Ботагөз" романын, "Қазақстан жазушыларының біріккен жинағын", Ж.Молдағалиев ЖұбанМолдағалиевтің "Мен қазақпын", Кадыр Мырза Әлінің "Шымыр жаңғақ", Қазақстан балалар жазушыларының "Тарту" жинағын, басқа да көптеген қаламгерлердің туындыларын, Моңғолиядағы қазақ жазушыларының 20 шақты кітабын моңғол тіліне аударған.

Моңғолияның медаль, грамоталарымен марапатталған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}