Жамбыл облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы - 1940 ж. 10 мың дана кітап қоры бар қалалық кітапхана негізінде ұйымдастырылды.

1965 ж. кітапханға ғалым Уәлихановтың есімі берілді. Кітапхана 1970 ж. арнайы салынған екі қабатты ғимаратқа көшірілді. Кітапханада 13 бөлім: кітапхана ісін ұйымдастыру және дамыту, ақпараттық анықтамалық библиография, оқу залы, абонемент, өнер туралы әдебиеттер, мерзімді басылымдар, депозитарлық кітап қорын сақтау, кітап қорын толықтыру, кітапхана ақпараттық жүйесін автоматтандыру, айырбас-үстеме қоры, кітапханааралық абонемент, шет тілдері әдебиет бөлімі қызмет көрсетеді. Оқу залында 140 оқырмандық орын бар.

Кітапханада жүргізілетін көпшілік жұмыстардың негізгі бағыты – қоғамда, әлемде болып жатқан жаңалықтарды оқырмандар назарына жеткізіп отыру, кітап қорын насихаттау. Кітапхана облыс көлемінде аталып өтетін күндер күнпарағын, жаңа әдебиеттер көрсеткішін, облыстағы жазушылар мен қоғам қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығына, әр саладағы тәжірибелік іс-шараларға арналған әдістемелік ұсыныс-құралдарын жүйелі түрде даярлап отырды. Оқырмандар интернет, электронды пошта қызметін пайдаланады. Кітапхана облыс көлеміндегі аудандық, қалалық, ауылдық кітапханаларға нұсқаулар, кеңестер, ұйымдастырушылық-әдістемелік көрсету орталығы болып табылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер