Жамбыл Мелдебай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жамбыл Мелдебай 1953 жылы 1 қазанда Жамбыл облысы Сарысу ауданының Ақтоғай ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Қалымбетов Мелдебай. Анасы - Қалымбетова Әнекей. Қаратау таукен-құрылыс техникумын (1969) инженер-құрылысшы мамандығы бойынша; В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1984) инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс және түрік тілдерін біледі. 1972 жылдан - «Қаратаухимқұрылыс» тресінің ұста-бетоншысы, жұмыстарды атқарушысы, аға жұмыстарды атқарушысы, бөлімше бастығы, бас инженері, құрылыс басқармасының бастығы (Жаңатас қ.). 1984 жылы - Жаңатас қаласындағы «Оңтүстік Шығыс», «Орталық», «Көкжан» кеніштерінің; «ДСК» зауытының, автобазаның құрылыстарына; Тұрғын үйлерді және аурухана, ҚКТУ, нан зауыты, сүт зауыты нысандарын салуға қатысқан. 1988 жылдан - Тұрғындарға тұрмыстық қызмөт көрсету министрлігі Тараз қалалық құрылыс басқармасының бастығы. 2004 жылдан - Астана қаласының бас инженер-қүрылысшысы. 2009 жылдан бері - «Бәйтерек» Астана құрылысшыларының одағы» ЗТБ президенті. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, ҚазКСР грамоталарымен марапатталған. ҚР Құрметті құрылысшысы. Әскери атағы - запастағы матрос. Үйленген. Жұбайы - Мелдебай Нағима Жүсіпқызы, үй шаруасымен айналысады. Балалары - Абай, Мұхтар, Сәкен, Ләззат.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub