Жамағат намазы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жамағат намазы. Ислам діні - жамағат діні. Сондықтан жамағатпен намаз оқуды өте жоғары бағалаған. Ханафи мазһабында ер кісілердің бес уақыт парыз намазды жамағатпен оқулары - бекітілген сүннет. Тіпті басқа мазһабтардағы кейбір ғалымдар парыз деп үкім берген. Екі кісі болса да намазды жамағатпен оқу керек. Жамағатпен намаз оқу арқылы мұсылмандар бір-бірімен танысып, араларында жылы қарым-қатынас күшейеді. Періштелер сияқты Аллаһтың құзырына сап құрып, жамағайын оқылған намаздың сауабы жеке оқылған намаздан жиырма жеті есе артық. Пайғамбарымыз (с.а.у.) жамағатпен намаз оқудың сауаптылығын көптеген хадистерінде білдірген. Мысал ретінде: Үлгі:Start citation «Жамағатпен оқыған намаздың сауабы жеке оқылған намаздан жиырма жеті есе артық».
«Кімде-кім құптан намазын жамағатпен оқыса, түн ортасына дейін намаз оқығандай сауап алады. Таң намазын да жамағатпен оқыса түні бойы намаз оқығандай сауап алады».
«Адамдар, егер алдыңғы салтын қаншалық сауаптылығын білгендерінде, алдыңғы саптан орын алу үшін араларында жеребе тастаудан басқа жол таба алмайтын еді».
«Намазды алғашқы уақытында оқудың сауабын білгендерінде бұл үшін жарысар еді. Құптан намазы мен таң намазының кереметтігін білгендерінде, еңбектен болса да, бұл намаздарды жамағатпен оқуға келетін еді».
Үлгі:End citation Саптардың ең сауаптысы - ең алғашқы сап. Одан кейін ретіне қарай келесі саптар. Әйел адамдар мешітке барып жамағатпен бірге намаз оқуларына болады. Бірақ үйде оқулары абзал. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл жайлы: Үлгі:Start citation «Әйелдердің мешітке баруларына бөгет болмаңдар. Бірақ үйлері олар үшін мешітке баруларынан да абзал», - дейді. Үлгі:End citation

Жамағат намазында саптың реті

Екі адам намаз оқыған уақытта біреуі имам болып, екіншісі оң жағына тұрып, аяғының өкшесі имамның аяғының өкшесінен кейін тұру керек. Бір адамның имамның артына немесе сол жағына тұруы - мәкрүһ. Имамға ұйыған адам әйел кісі болса, имамның артына тұрады. Жамағат екеу яки одан да көп болса имамның артына тұрады. Жамағаттың біреуі ер кісі, екіншісі әйел болса, ер кісі имамның оң жағына, әйел арт жағына тұрады. Имамнан басқа екі ер кісі және бір әйел кісі болса, ер кісілер имамның артына, әйел ер кісілердің артына тұрады. Екі адам жамағат болып намаз оқып жатқан уақытта, үшінші адам келіп, имамның оң жағындағы адамды артқа тартып, имамның артында бірге намаз оқуларына рұқсат.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub