Жаманқұл Шайдаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жаманқұл Шайдаров (1930-1997), партия, кеңес қызметкері. Жаңаарқаның түлегі. Қарағанды қаласындағы партия, кеңес мектебін (1960), КОКП ОК Жоғары партия мектебін (1965) бітірген. Жаңаарқа аудан партия комитетінде нұсқаушы, аудан партия комитетінің 2-хатшысы, 1965 жылы еңбекшілер депутаттары Жаңаарқа аудан кеңесінің төрағасы, 1967-1995 жылы Қазақстан Компартиясы Актоғай, Ұлытау аудандық партия комитетінің 1-хатшысы, 1995 жылдан бұрынғы Жезқазған облыс кәсіподақ комитетінде, «Ертісканал» құрылысы басқармасында істейді. Атасу поселкелік кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. Шайдаров өзі басшылық еткен ауыл шаруашылығының қай саласында болмасын талантты ұйымдастырушы, білгір маман екенін таныта білді. Шайдаров 8, 9-сайланған КазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты сайланды. 3 мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}