Жаманты минералды суы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жаманты минералды суыАлматы қаласынан батысқа қарай 135 км жерде орналасқан шипалы су көзі. Алматы облысы Жамбыл ауданы Бесмойнақ ауылының солтүстік-батысындағы Жаманты өзенінің аңғарында, теңіз деңгейінен 1620 м биіктікте. Жергілікті халық оны «Қайнар арасан» деп атайды.

Сипаты, құрамы

Бұлақтар Жаманты өзенінің аңғарын кесіп өтетін, беті борпылдақ шөгінді жыныстармен жабылған тектоникалық жарықтардан шығып жатыр. Бұлақтардың жалпы су өнімділігі тәулігіне 235 м3, минералдылығы 0,4 – 0,7 г/л, температурасы – 26,3°. Суының құрамында сульфат, гидрокарбонат, кальций, натрий және денсаулыққа пайдалы микроэлементтер: ортокремний қышқылы (36 – 40 мг/дм3), фтор (3,7 – 5,0 мг/дм3) бар. Жаманты минералды суы аяқ, қол, жүйке, т.б. ауруларды емдеуге пайдаланылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер