Жаманасар-2 қалашығы
Үлгі:Көне қалашық Жаманасар-2 қалашығы (б.з.д. I мыңжылдықтың соңғы ғасырларымен және б.з. I ғасыры) – Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.
Орналасқан жері
Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 26,6 км жерде орналасқан.
Зерттелуі
Қалашықты өткен ғасырдың 40-50 жылдары Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясымен (жетекшісі С.П. Толстов) зерттеген, 70-80 жылдары Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (Л.М. Левина) қайта зерттеген, 2005 жылы ҚР ҰҒА АИ ШРАЭ (Ж. Құрманқұлов) географиялық координаттарын анықтап, суретке түсірген.
Сипаты
Теңіз деңгейінен биіктігі – 87 м.
Қалашық қорғаныс дәліздері бар алты бұрышты бекініс қабырғаларымен қоршалған. Оңтүстік қабырғаның ішінде биіктігі 3 м-ге жуық сопақтау келген құрылыстың қалдығы бар. Бекініс қабырғасының солтүстік-шығыс ішкі бөлігінде тұрғын жайлардың іздері бар. Қаланың батыс, оңтүстік және шығыс жақтарында өзен тармақтарының іздері байқалады.
Үстінен жиналып алынған қыш ыдыс материалдары қонысты б.з.д. I мыңжылдықтың соңғы ғасырларымен және б.з. I ғасырымен мерізімдеуге болады.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5</ref>