Жаманасар-1 қалашығы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Жаманасар-1 қалашығы ( б.д. І мыңжылдық) – Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.

Орналасқан жері

Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылынан солтүстікке қарай 22 км жерде орналасқан.

Зерттелуі

Қалашықты өткен ғасырдың 40-50 жылдары Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясымен (жетекшісі С.П. Толстов) зерттеген, 70-80 жылдары Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (Л.М. Левина) қайта зерттеген, 2005 жылы ҚР ҰҒА АИ ШРАЭ (Ж. Құрманқұлов) географиялық координаттарын анықтап, суретке түсірген.

Сипаты

Теңіз деңгейінен биіктігі – 94 м.
Қалашық екі қамалдан тұрады. Қамалдардың ара қашықтығы 330 м. Екі қамал да өте нашар сақталған, биіктіктері 1-2 м-ден аспайды. Бірінші қамалы дөңгелек пішінді, диаметрі 19 м, биіктігі 2 м.
Екінші қамал қалашықтың солтүстік бөлігінде орналасқан, тікбұрыш пішінді, аумағы 19,5х16,5 м, биіктігі 1 м, қабырғаларында қорғаныс дәліздері бар. Қамал ішінің кей жерлерінен тұрғын жайлардың нобайы анық аңғарылады.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер