Жалғызтам қонысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жалғызтам қонысы – 15 ғасырдан сақталған қоныс орны. Түркістанның батысында, Сауран қаласының оңтүстіу-батысында 4 – 5 км жерде.


Жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша, 20 ғасырдың 30–40 жылдары қоныстың керегелері көрініп тұрған. Төңірегінде ешбір құрылыс болмағандықтан «Жалғызтам» аталып кеткен. Археологиялық зерттеу жұмысы жүргізілген кезде қоныстың сыртқы көрінісі ортасы шұңқыр төртбұрышты жол болып жатқан. Қоныстың жалпы ауданы 45x50 м.

Қазба жұмысы шығыс жағындағы дуалдың бойымен жүргізілген. Жұмыстың нәтижесі 4 бөлме ашты. Олар тұрғын үйлердің шығыс және батыс жағындағы дуалдың бойын жағалай ішкі жағынан салынғандығын дәлелдеді. Бөлмелердің ауд. әр түрлі: 2,5x3,5; 5x2;5,5x3,5 м. №3 бөлменің ішінен, есіктің кіре беріс оң жағындағы бұрышта тандыр ошағы бар. Ошақтың іші оюлап өрнектелген. Шығыс жағындағы қабырғаның екі жерінен ойық жасалған, біреуі шырақ тұратын, оған дәлел үстіңгі жағында жалынның ізі сақталған және осы жерден еден үстінен сынған шырақ табылған. Ал екінші ойық тұрмысқа қажетті ұсақ-түйек құрал-сайман қоятын орын болған. Мұндай көріністер қазақ қыстауларындағы тұрақжайларда жиі кездеседі. №3 бөлменің ішінен бір жерден астық сақтайтын ұра ашылған, оның іші лаймен сыланып күйдірілген (астықтың шірімеуі үшін). Ал екінші жерден қоқыс салатын ұра аршылып ішінен түрлі қыш ыдыстардың сынықтары, малдың сүйектері алынған. Бөлмелердің солтүстік батыс жағына, яғни алдына жүргізілген зерттеу жұмысы тұрғын үйлердің алдындағы жаздың күні пайдаланатын екі ошақтың орнын ашқан. Ал қоныстың дәл ортасына жүргізілген зерттеу жұмысы ешбір құрылыстың салынбағандығын, жер табанында малдың тапталған қиы жатқандығы анықталған. Бұл көріністен Ж. қ. тұрғындарының мал өсірумен де айналысқандарын байқатады. Зерттеу жұмысының барысында Ж. қ-ның сыртқы дуалының астыңғы жағының қалыңд. 1,5 м болса, ол биіктеген сайын 0,80 м-ге дейін жұқарып отырған. Ал бөлмелердің қабырғалары осы сыртқы дуалға тіреп салынған, қалыңдықтары 0,50x0,80 м. Қоныстан бүтін, жартылай сынық, сырланған, сыры жоқ қыш ыдыстар, сүйектен, темірден жасалған тұрмыс бұйымдары көптеп табылған. Қыш ыдыстардың түрі, салынған ою-өрнектері Сауран, Созақ, Түркістан қалаларынан алынған ыдыстармен ұқсас. Әсіресе, ыдыс түбіндегі кейбір таңбалар қазақтардың керей, қыпшақ, қоңырат тайпаларының таңбаларымен ұқсастығын бірден байқауға болады. Олар Түркістан, Сауран қ-ларымен тығыз қарым-қатынас жасаған<ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер