Жалғас Бисалыұлы Бабаханов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Жалғас Бисалыұлы Бабаханов (6 маусым 1960 жыл Түркімен КСР Ташауз облысы Ленин ауданы, Тазаоба ауылы) - қазақ, бұрынғы Жаңаөзен қаласының әкімі (2000-2009).
Білімі
- Алматы сәулет-құрылыс институтын (1983) инженер-құрылысшы мамандығы бойынша;
- Қазақ мемлекеттік университетінің жанындағы Нарық институтының бизнес және менеджмент факультетін (1994) экономист мамандығы бойынша;
- Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің мұнай және газ көн орындарын зерттеу факультетін (2004) инженер-мұнайшы мамандығы бойынша бітірген.
- Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық унивөрситетінің құрметті профессоры (2004 жылдан).
Өмірбаяны
- 1977 жылдан - Маңғышлақ электр желілері кәсіпорнының электр жөндеушісі (Жаңаөзен қ.).
- 1978 жылдан - Алматы сәулет-құрылыс институтының студенті.
- 1983 жылдан - «Шевченкооблгаз» өндірістік бірлестігі (Жаңаөзен қ.) газ учаскесінің шебері; 1984 жылдан - аға инженері.
- 1985 жылдан - «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігінің Өзен жөндеу-құрылыс басқармасының учаске шебері, учаске жұмысының жетекшісі, аға инженері - ӨТБ бастығы,
аға инженері, бастығы.
- 1995 жылдан - «Өзенмұнайгаз» өндірістік бірлестігі кен орындарын жайластыру жөніндегі өндірістік бөлімінің бастығы.
- 1996 жылдың қаңтарынан - Жаңатас қаласы әкімнің орынбасары - мемлекеттік коммуналдық-шаруашылық кәсіпорынның (Жаңаөзөн қ.) директоры.
- 1999 жылдан - Жаңаөзен қ. әкімінің м.а.
- 2000 жылдан - Жаңаөзен қаласының әкімі.
- 2009 жылдан бері - Маңғыстау облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасының бастығы.
2012 жылдың 20 шілдесі Бабаханов "Жанашыр" қоғамдық қоры арқылы "Өзенмұнайгаз" компаниясының қаржысын жымқырды деп, 307-бабы 3-тармағы 3-бөлімі («қызметтік өкілетін асыра пайдалану») бойынша кінәлі деп танылып, 2 жылға сотталды<ref>Экс-әкім Жалғас Бабаханов 2 жылға сотталды</ref>.
Марапаттары
- «Құрмет» (2008) ордені;
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001);
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі (2005);
- «Астананың 10 жылдығы» медалі(2008);
- ҚР Құрметті құрылысшысы атағы(2010).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Отбасы
- Әкесі - Бабаханов Бисалы (1927-2000), математика мұғалімі болған. Анасы - Ташқараева Қағаз (1933 ж. т.), зейнеткер.
Дереккөздер
<references/>Үлгі:Bio-stub