Жалғасбек Әлібеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жалғасбек Әлібеков (1972 жыл. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жөлек ауылы) – дизайнер. <ref>Қазақстан Баспагері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>. "Болашақ" университетін бітірген. Еңбек жолын Қызылорда облыстық телерадиосында дыбыс операторлығынан бастап, кейін облыстыкқ телеарнаның дыбыс режиссері, 2004 жылы телеарнаның компьютер ісі жөніндегі дизайнері. Жалғасбек Әлібеков облыстық, республикалық "Әнші балапан", "Таңшолпан" байқауларының аудио және бейнетаспаға түсірілуін қамтамасыз етті. Телеарнаның имиджін көтерген дизайндық дүниелерде өзіндік қолтаңбасы бар. "Менің дауысым – Отанға" телевизиялық жобасын жасау кезінде, режиссерлық қабілетімен ерекшеленді. Ұтымды қабылданған режиссерлік шешімнің арқасында телеарна журналистері әзірлеген төл бағдарлама "Таза ғаламшар" ұлттық байқауында Гран-приді иеленді (2003 жыл).

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}