Жалған банкроттық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жалған банкроттық - фирма басшылығының берешекті өтеу үшін қаражаты бола тұрып төлемдерге мұрсат және шегерім алу үшін несие берушіні адастыру мақсатымен өзінің дәрменсіздігі туралы көрінеу жалған құлақтандыруы.<ref>Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2</ref>

Коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сол сияқты жеке кәсіпкердің несие берушілерге тиесілі төлемдерін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу немесе борышын азайту, сол сияқты борышын төлемеу үшін несие берушілерді жаңылыстыру мақсатымен өзінің дәрменсіздігі туралы көпе-көрінеу жалған хабарлауы. Жалған банкроттық экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Economy-stub

pl:Bankructwo