Жалынды фотометрлік детекторлар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Багг.JPG
Сутек жалынды-иондағыш өлшегіштің схемасы (ПИД)
Жалынды фотометрлік детекторлар. Күкірт және фосфорлы қосылыстары бар 394, және 526 нм-ге сәйкес болғанда сутегімен байытылған иондық шашырауды өлшеуге негізделген. Көптеген органикалық қосылыстар сутекті-оттекті (немесе ауалы) жалында жана отырып, иондар түзеді, бұл көбіне спектрдің көрінетін ультракүлгін аймағындағы сипаттаушы сәуле шығаруды зерттеуге келтіреді. Заттардың бұл қасиеті көптеген өлшеуіш приборларды жасауға негіз болады. Осындай детектордың бірі суретте келтірілген. Бұл типтегі детекторға сутекті-ауалы жанарғы жатады, ол фотокөбейткішпен оптикалық байланысқан. Оптикалық жолды шектеп тастайды; күкірт пен фосфор жоқ кезде сәуле шашыратпайтын жарықтың үстіңгі бөлігін байқайды. Ондағы сәуле тұтқыштар, тиісті спектр сызықтарын бөліп алуға мүмкіндік береді. Талданатын құрамдас бөлік толық жанып кеткендіктен, сигнал - уақыт немесе сигнал - көлем қисығы астындағы интегралдық аудан анықталатын қосылыстың массасына сәйкес келеді. Қисықтын кез келген нүктесін көрсететін биіктік тасымалданушы сынама салмағының жылдамдығына пропорционал болады, әрі бұл тікелей салмақты анықтауға мүмкіндік береді.

Бұлармен қатар ИК-, масс-спектрометрлік, ультрадыбысты, диафрагмалық, микрокулонометрлік және т.с.с. түрлері белгілі. Ал сандық өлшеуді жүргізу үшін, оларды қалыптастырып реттейді. Қос детекторлау. Талданатын қоспа жайлы мәліметті кеңейту мақсатымен оны кейде екі рет өлшейді. Мұндайда өлшегіш аспаптардан өзара қабаттастыра не бірінен кейін бірін жалғастыра тізбек құрайды. Әсіресе, бұл белгісіз не аса жауапты қосылыстарды анықтағанда өте тиімді.<ref>Құлажанов Қ.С.Аналитикалық химия: II томдық оқулық . II - том. Оқулық. Алматы:«ЭВЕРО» баспаханасы, 2005. - 464 б. ISBN 9965-680-95-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}