Жалтыркөл қорықшасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жалтыркөл қорықшасыЖайық алабындағы сирек кездесетін әрі жойылып бара жатқан жануарларды қорғау мақсатында құрылған мемлекеттік зоологиялық қорықша. Жалтыркөл қорықшасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында 1967 ж. уақытша 10 жылға ұйымдастырылып, 1977 ж. таратылып жіберілген. 1986 ж. Қазақстан Министірлігі Кеңесінің қаулысы бойынша республикалық мәні бар зоологиялық қорықша болып қайта құрылды. Қорықша Көпжасар елді мекенінің солтүстігінде Жайық өзеніне жақын жатқан тұйық көл – Жалтыркөлдің атымен аталды. Аумағы 19 мың га. Қорықша жеріне Көшім өзенінің жоғарғы ағысы, Итбалық және Жалтыркөл жағалаулары кіреді. Көл жағалауында қоға, қамыс өседі. Бұл жабайы жануарлардың тіршілігі үшін өте қолайлы. Су айдындарында балықтардан сазан, табан, тыран, шортан, т.б. бар. Құстардан аққу, бірқазан, қалбағай, қасқалдақ, қоңыр үйрек, ал далалы өңірінде үкі, дала қыраны, саз құладыны, т.б. жыртқыш құстар кездеседі. Сүтқоректілерден түлкі, қабан, қарсақ, ор қоян, құндыз, сусар, т.б. мекендейді. Қорықшада сирек кездесетін жануарларды қорғау мақсатында биотех. шаралар (мысалы, жануарлардың санын есепке алу, қолдан ұя жасау, жабайы өсімдіктердің тұқымын себу, құстардың қонып отыруына қолайлы қондырғылар жасау, т.б.) жүргізіледі.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref><ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жалтыркөл қорықшасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}