Жалпақ қонысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жалпақ – Қазақстандағы ескі қоныстар тобы. Қызылорда облысының Қазалы ауданында Сырдария өзенінің сол жағасында орналасқан.


1958 ж. С.П.Толстов бастаған Хорезм археологялық-этнографиялық экспедициясы зерттеді. Қазба жұмысының нәтижесінде неолит дәуірінің мәдениетін, ол кезде өмір сүрген халықтардың тұрмысын сипаттайтын құмыра ыдыстар, тастан жасалған пышақтар, мыс сынықтары, садақ жебелері, т.б. табылды. Бұған қарағанда, қазіргі Қызылқұмның Жаңадария арнасын б.з.б. 4–3-мыңжылдықтарда балық аулап, жеміс өсірген тайпалар мекендеген.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref><ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>