Жалгерлік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жалға беруші — жалдау үшін төленетін сыйақыны ала отырып, жалға алушыға бір мүлікті уақытша пайдалануға беретін мүліктік жалға алу, шарт.

Жалгер, жалға алушы

Жалға берілетін белгілі бір нысанды уақытша өз иелігіне немесе пайдалануға алатын, заңды немесе жеке тұлға.

Жалгерлік ақы

Жалға беру тәртібімен ұсынылған мүлік үшін табиғи түрінде, ақшалай немесе аралас нысанда төленетін жалдау ақысы.

Жер үшін жалдау ақысы

1. Мемлекеттің жерді уақытша өтеулі жер пайдалануға бергені үшін жергілікті бюджетке төленетін жалдау ақысы.
2. Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттерге берілетін жер учаскесі (телімі) үшін төленетін жалдау ақысы, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарт бойынша анықталады.

Жалға беруші

Табиғи және мүліктік объектілерді немесе басқа да мүліктерді, уақытша иеленуге және пайдалануға беретін заңды немесе жеке тұлға.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}