Жалақы қоры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жалақы қоры - белгілі бір уақыт кезеңінде қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу үшін қастырылатын ақшалай қаражаттың жалпы сомасы. Негізгі және қосымша жалақыдан тұрады. Сондай-ақ кәсіпорынның штана жататындығына қарай штаттық (тізімдік) құрам қорына және штаттан тыс (бейтізімдік) құраы қорына бөлінеді. Ақы төленетін жұмыстардың сипатына қарай өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлер қорына (жұмысшылардың, қызметшілердің, мамандардың жалақысы) және кәсіпорынның бейөнеркәсіптік шаруашылықтарында істейтін қызметкерлердің қорына (тұрмыстық-коммуналдық щаруашылық, мәдени-тұрмыстық мекемелер қызметкерлерінің жалақысы), камтылатын кезеңіне қарай сағаттық кезеңге арналған корға (еңбекақы төлеудің қолданыстағы жүйесі бойынша нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүмысшыларға адам-сағат есебімен теленеді), айлық, тоқсандық, жылдық кезеңдерге арналған қорларға ажыратылады.<ref>Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Economy-stub