Жалаулы ата кесенесі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғимарат Жалаулы ата кесенесіРеспубликалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Түркістан қаласынан солтүстік батысқа қарай 41 шақырым жерде, Жібек жолы ауылдық округі аумағында, мазарат көне Қаратөбе-Сауран қаласының солтүстік-шығысында ерте орта ғасырларда (VII-XII ғғ.) қалыптасқан, қала тұрғындары жерленетін, үлкен қорым болып табылады<ref name=":0">«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты тарихи-мәдени ескерткіштер»: жинақ / «Service Press» баспасы, 184 б. Алматы 2025 ж. 51 бет. - ISBN 978-601-7316-24-2</ref>.

Кезеңі

VII-XII ғғ.

Кесене сипаты

Жалаулы ата қорымында ол кісінің кесенесі деп есептелетін, көптеген жөндеу, жаңалау жұмыстарын бастан кешірген құрылыс қирандысы орналасқан. Қазіргі күні бұл топырақ үйіндісінің өлшемдері 6,5х6,5 м квадрат түрінде. Құрылыстың іргетасы өлшемдері 25х25х5 см күйген қыштан қаланған, ол биіктігі 1,2 м болатын топырақ жалға орналасқан. 2010 ж. археологиялық қазба барысында бұл құрылыстың аса күрделі тарихы бар екендігі анықталды, үстіңгі құрылыстың астында биіктігі 1,7 м, ұзыңдығы 3 м, ені 2 м шамасында төртқұлақ сағана там қирандысы бар екендігі байқалды. Сағананың алдынан кейіннен қойылған тастан жасалған құлпытас, обелиск сияқты тігіннен қойылған тас колонналардың сынықтары мен бөлшектері шықты (бұл колонналар құлпытастан бұрын қойылған). Кесене қирандысын қоршап биіктігі 0,7 м, өлшемдері 20х18 м дуал қирандысы өткен, кей жерінде күйген қыш қаландылары сақталған, бұл XIX-XX ғғ. жатады. Жөндеу жұмыстарының іздері. Ең соңғы кесене құрылысының іргетасын күйген қыштан қалап, үстін қам кесектен (кирпич сырец) тұрғызған, тіпті, үсті күмбезбен жабылған сияқты. 1950-1960 жж. шамасында күмбезі опырылып, біртіндеп үйіндіге айналған.<ref name=":0" />

Тарихи деректер

Қаратөбе-Сауран Түркістаннан солтүстік-батысқа қарай 41 шақырым жерде орналасқан көне қала. Қаланың сыртқы қорған қабырғасының іші-сыртына орналасқан қорымның көлемі 1-1,2 га, ол Қаратөбе- Сауранның солтүстік-шығысында 850 м жерде орналасқан. Қорымда әр түрлі кезеңде жерленген адамдардың кесенелері мен төртқұлақ мазарларының қираған қалдықтары кездеседі. Тіпті, XX ғ. жерленген мәйіттердің молалары да көптеп табылады. Аңыз әігімелер мен тарихи деректерде Жалаулы атаның VIIIғ. араб әскерлерінің қолбасшысы Зeңгі атаның ту ұстаушысы болғандығы айтылады. Жалпы «ата» деген құрметті атау, негізінен, сопылық ілімді таратып, уағыздаған адамдарға берілген (Тағайын ата, Жүсіп ата, Сәдуақас ата), ал, ислам дінің алғаш рет алып келіп таратқан адамдарды «баб»-дейді, бұл «исламға еңгізуші қақпа» деген мағынада айтылған, оларға Ысқақ баб, Әбдіжалил баб, Әбдірағым баб, Арыстан баб сияқты көптеген адамдар жатады. Соңдықтан да, сопылық ілімді таратқан адамдардың дені IX-X – XI-XII ғғ. өмір сүрген, бұл суфизмнің Орталық Азияға тарап, шарықтау дәуіріне аяқ басқан кезі. Суфистер арасында ертеден келе жатқан «Сопылық Арабияда көктеп, Таяу Шығыста гүлдеп, Орталық Азияда жемісін берді» деген қағида да бар.<ref name=":0" />

Жалаулы ата «Сауранның тоғыз бабы» деген әулиелер қатарында аталады, яғни, бұл кісі «баб»- исламға еңгізуші, «ата» деген атты халық кейіннен берген. Ақпар беруші ауыл тұрғындары Д.Есіркепов пен Қ.Әбдешев бұл тоғыз баб Сауранның өзінде ғана емес оның айналасын қоршай жерленген дейді. Олардың орналасуы:

  1. Жалаулы ата – Қаратөбе-Сауранда
  2. Сағди Уаққас ата (Сәдуақас) – Қаратөбе-Сауранда
  3. Қарахан ата – Кейінгі Сауранда
  4. Әздер әулие – белгісіз
  5. Сарай ата – белгісіз
  6. Шала бақсы – МАИ бекетінен солтүстікке қарай 1 км жерде
  7. Момын ата – Сатымсай ауылы маңында
  8. Белгісіз әулие – Ақтөбе ауылы маңында
  9. Белгісіз әулие – 1 Май ауылы маңында

Жалаулы ата қорымында жер асты склеп (мүрдехана) бар кесене іздері сақталған. Қорымның қорғау аймағы 3 га.<ref name=":0" />

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері