Жайық-Көшім суғару-суландыру жүйесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жайық-Көшім суғару-суландыру жүйесі, Жайық алабында, Батыс Қазақстан облысының Зеленов, Жаңақала, Ақжайық аудандары жерінен ағып өтеді. Егістік суғару және жайылымды суландыру үшін 19611974 жылдары іске қосылған. Бастаулық қондырғысынан 325 м3 су алынады, бұның 125 м3 тікелей жүйеге таралады. Каналдары мен тармақтарының жалпы ұзындығы 2904 км (басты каналы 250 км). Жүйе құрамына Бітік, Дөңгелек, Киров және Пятимар бөгендері кіреді. Жайық-Көшім суғару-суландыру жүйесі 10 мың га-дан астам егістікті, 100 мың га шабындықты және 2 млн. га-дан астам жайылымды суғаруға және суландыруға пайдаланылады. Алаптағы жер асты суы 4 – 7 м тереңдіктен шығады. Егіс айналымында астық, мал азықтық, техникалық және бақша дақылдары, көкөніс, картоптың үлесі басым.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref> Жүйе көмегімен жылына 99,0 мың га жер суарылып, 1216 мың га жайылым суландырылады. Суарылатын шабындық өнімділігі гектарынан 17 ц-ге дейін.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жайық-Көшім суғару-суландыру жүйесі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}