Жайық-Жем артезиан алабы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жайық-жем артезиан алабы , Каспий ойпатының шығысында орналасқан. Жайық пен Жем өзендерінің аралығын – Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарының жерін қамтиды.
Жалпы ауданы 200 мың км2-ге жуық. Жайық-жем артезиан алабының сулары тас көмір кезеңінің әктастарында, пермь, төм. триас, ортаңғы юра, төменгі бордың құмтасы мен өзен бойының құмдарында қалыптасқан. Олардың жалпы қалыңдығы 15 – 20 км-ге дейін. Алаптың батыс және оңтүстік-батыс жағында қалыңдығы 3 – 5 км-ге жететін кунгур қабатының тұз шөгінділерінің жиі таралуына байланысты мұнда кездесетін жер асты сулары өте ащы (минералдылығы 100 – 130 г/л; тереңдігі 500 – 700 м-ге дейін). Тұщы, ашқылтым сулар (минералдылығы 0,1 – 3,0 г/л) алаптың шығысында және оңтүстік-шығысында бор шөгінділері мен юра жыныстарында шоғырланған. Бұл сулардың тереңдігі 50 – 350 м аралығында. Тұзды және ашқылтым сулардың жалпы табиғи қоры 500 млрд. м3-ден асады. Жайық-жем артезиан алабының сулары елді мекендерді, жайылымдарды, шабындықтарды суландыруға пайдаланылады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref> Ұңғымалардың өнімі тәулігіне 260—3450 м3. Ғасырлық қоры 192 млрд. м3-ден асады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref><ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>