Жайлаутөбе қалашығы
Үлгі:Көне қалашық Жайлаутөбе қалашығы (I-V ғғ.) – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері
Байзақ ауданы, Ақжар ауылынан солтүстік-батысқа қарай 1 км жерде орналасқан.
Сипаты
Қалашықты 1978 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы ашқан (К. Байбосынов), 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (К.М. Байпақов) зерттеген.
Қаланың ішкі қамалына барлау шурфы салынды. Үстінен жиналынып алынған қыш ыдыстар мен дән үккіштердің сынықтары Жайлаутөбені III-IV ғасырлардағы жер өңдеушілердің қонысы екендігін көрсетеді. Бір қырынан қарағандаа қала солтүстік-шығыс пен оңтүстік-батыс сызығы бойымен орналасқан 3 алаңы бар дөң тұрпатты.
Бұрыштарымен төрт тарапқа бағытталған оның өлшемдері 140х210 м, ішкі қамал дөңнің биіктігі 6 м-ге жететін оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Сыртқы беткейі құламалы, ішкісі еңісті болып келген ішкі қамал бір қалыпты екінші алаңға ауысады. Алаңның биіктігі 2,5 м-ге жуық. Оған биіктігі 2 м-дей үшінші алаң жанасқан. Қаланың барлық территориясы табанындағы ені 12 м, биіктігі 1,5-2 м үйінді жалмен қоршалған. Үйінді жалдың бұрыштарында мұнара қалдықтары аңғарылады. Үстінен жиналынып алынған материалдардың дені сырланбаған қыш ыдыстар.<ref>С25 Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Жамбыл облысы. – Алматы: РМК "ММЕ ҒЖЗИ", 2002. – Т.2. – 364 б, карталар, ил. ISBN 9965-13-615-7 </ref>