Жабай би

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Жабай би Қараұлы (XVIII ғасыр) — Тоқсан бидің әкесі. Керей руынан шыққан. Омбы өңірінен шыққан аузы дуалы би. Баласы Тоқсан бидің тұлға ретінде танылуына атасы Қара би көп ықпал етті.<ref>Билер сөзі, Кәкішев. Т. Алматы, 1992 жыл. 111-бет.</ref>

Жабай би туралы әңгіме

Қара қылды қақ жарған, Қара бидің баласы Жабай шешен билік айтып жүрген шағында, ауылында 55 жасқа келген Бірән дегеннің қатыны өледі де, үш баласы жетім қалады. Кедейге бұдан ауыр қайғы жоқ, Жабай шешен Бірәнге көңіл айтып біраз отырған соң: "Қайғырма, бір айдан кейін қатын аласың" - деп айтқан екен:

Көшкен елге қошқар кездесер,

Қатыны өлгенге қалың сор кездесер.

Бай болатын жігітке,

Жақсы қатын, жүйрік ат кездесер.

Кедей болатын жігітке,

Жалқау қатын, ажалды мал кездесер.

Басы өспейтін жігітке,

Бедеу қатын кездесер.

Биік дөннің үстіне шықпа,

Қайғы кіріп, ісің кетер.

Өгізді өрге салма, күші кетер.

Биік таудың басына шықпа,

Үйің қасына келер.

Қайғы елу би, болыс пен,

Хан, төренің де басына келер.

Бірән қатын алған соң, Жабай биге тағы барыпты. "Қайырлы ұзағынан болсын" - деп, Жабай былай айтыпты:

Бала – үйдің базары,

Қыз – үйдің жасауы.

Жаңа түскен келіншек,

Жақсы болса мереке,

Жаман болса келеке,

Атты айында мақта,

Қатынды жылында мақта,

Ол – үйретпеген бір үйдің асауы.<ref>Қазақтың ата заңдары: Құжаттар, деректер және зерттеулер. 10 томдық – Алматы: Жеті жарғы, 2006 жыл.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер