Жабай Ерғалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жабай Ерғалиев - 1952 жылы 30 қазанда Көкшетау облысының Чкалов ауданындағы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы) Қарағаш ауылында туған.

1979 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1973 жылдан бұрынғы Көкшетау облыстық «Көкшетау правдасы» газетінде кіші әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. 19972005 жылдар аралығында Көкшетау қалалық «Көкшетау» газетінің бас редакторы болып қызмет істеді. 2005 жылғы 28 қаңтарда Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы болып тағайындалды. Ақмола облысының және Көкшетау өңірінің тарихында тұңғыш рет «Көкшетау» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналын шығаруды ұйымдастыр ды. Бұл журналдың алғашқы саны 2008 жылдың 22 наурыз күні жарық көрді. Қазір Ақмола облыстық «Арқа ажары» ғазетінің және «Көкшетау» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналының бас редакторы болып жұмыс істеген.

Жетістіктері

Екі мәрте (2000 және 2001 жылдары) Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен, 2005 жылы «Қазақстан Конституциясына — 10 жыл» медалімен марапатталды. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2007ж.) «Астананың—10 жылдығы» мерекелік медалінің (2008ж.) иегері. 2007 жылдың 18 тамызында болып өткен сайлауда Ақмола облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. Ақмола облысы әкімдігі жанындағы бюджет комиссиясының, діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің, Қазақстан халқы Ақмола облыстық Кіші Ассамблеясының, тіл және онамастика жөніндегі облыстық комиссияның мүшесі. Алматы облысы Қарасай ауданының Құрметті азаматы. Қазақстан Журналистер одағының және Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтарының лауреаты.

Шығармашылығы

Алғашқы әңгімелері 1978 жылы Алматыда жарық көрген жас жазушылардың антологиясында басылып шықты. «Сөне көрме, жүлдыздар», «Қазақтың Қарасай батыры», «¥лтым менің, үлысым менің», «Хан көтерген ел едік ер үланын», «Бұлтты түнгі толған Ай», «Жол сапар жалғаса береді» кітаптары жарық көрген. «Соңғы тұяқ», «Ескі арба» повестерінің, «Бұлтты түнгі толған Ай» және «Тойғандар мен тозғандар» драмалық шығармаларының авторы. Бүл екі драмалық шығарманың екеуі де Көкшетаудағы Шахмет Қүсайынов атындағы қазақ драма театрының сахнасында сәтті қойылып келеді.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}