Е.Сатыбалдиев
Е.Сатыбалдиев — көптеген аударма кітаптардың авторы. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 жылы — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>.Ең алғашқы аудармашылық еңбегі Бүкілодақтық "Смена" журналында жарияланып, оның бас бәйгесін жеңіп алған. Одан кейін Е.Сатыбалдиев Т.Нұрмағанбетовтың "Қош бол, ата", О.Сәрсенбаевтың "Адамдар өз бақытын іздейді", С.Нарымбетовтың "Атлантида — кайғы-мүңым менің", Б.Соқпақбаевтың "Чемпион", С.Елубаевтың "Асау аггың серті". Қазақ халқының "Ер Тарғын" эпосын, С.Бердіқұловтың "Жарыс", "Қазақ халық ертегілерін", т.б. көптеген кітаптарды қазақ тілінен орыс тіліне аударды. Е.Сатыбалдиевтің аударған "Ежелгі күнтізбе" және "Қазақтың киіз үйі" атты кітаптары Германияда басылып шықты. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен (1981) және "Астана" медалімен (2001), "Баспа және полиграфия ісінің қайраткері" (2003) Құрмет белгісімен марапатталған.
Дереккөздер
<references/>