Еңсеп, Түйепалуан Досқалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Еңсеп, Түйепалуан Досқалиев (т.ж.б. Қаратөбе ауданы - 1944. Иваново-Франков облысы Колимин ауданы Украина Печежинск селосы), балуан, қазақша күрестен республикалық тұңғыш абсолюттік чемпионы (1939). Жастайынан ауылдағы жиын тойларда күресіп, әуелі "ысық балуан", 1937 ж. мамыр мерекесінде Қаратебе ауданының "Сталин жолының" балуаны Сүйесінді жеңгені үшін "түйе балуан" атанды. 1939 ж. Семей қаласында қазақша күрес бойынша өткен республика чемпионатына қатысқан орта салмақтағы Досқалиев барлық салмақ дәрежелері бойынша қарсыластарын жеңіп, республиканың абсолбттік чемпионы атанды. 1940 ж. 21 шілдеде Мәскеудегі Бүкілодақтық физкультурашылар шеруіне, 1941 ж. ақпан айында Қырғыз КСР-інің 15 жылдық мерекесіне қатысып, шаршы алаңда белдесуде қарсыластардың барлығын жеңген. Соғыс басталған шақта жергілікті тұтынушылар одағының, кейін "Сәуле" ұжымшарының төрағасы қызметін атқарып жүрді. 1942 ж. өзі сұранып, майданға аттанды, 8-атқыштар дивизиясының 310-полкінің құрамында ерлікпен шайқасып, Украина жерінде қаза табады. Қаратөбе ауданы Музейінде оның майданнан жазған хаттары сақтаулы. Облыс келемінде жыл сайын қазақ күресінен Досқалиев атындағы жарыс өткізіліп тұрады.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Еңсеп, Түйепалуан Досқалиев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}