Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша берілетін жәрдемақыдан айыру

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Азаматтарды еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша берілетін жәрдемақыдан айыру үшін негіздемелер, олар мыналардың салдарынан пайда болады: олар қылмыс жасаған кезде алған мертігулер; өз денсаулығына қасақана зиян келтіру; алкогольді немесе есірткі және уытты заттарды пайдаланудан болған сырқаттанулар мен мертігулер. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы сот ұйғарымымен еріксіз емделуге мәжбүр етілген (психикалық науқастардан басқалар), кінәлі екендігі анықталған ретте сот-медицина сараптамасынан өтіп жүрген, сондай-ақ қамаудағы адамдарға берілмейді.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify Үлгі:Stub:Заң

Үлгі:Суретсіз мақала