Ешімбет Байбарақов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Байбарақов Ешімбет [18.7.1938, Алматы облысы Кеген ауданы (қазіргі Райымбек ауданы) Ұзынбұлақ ауылы] — ғалым, экономика ғылым докторы (1987), профессор (1990), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1991), Қазақстанның еңбек сіңерген ауыл шаруашылық қызметкері (1990).

Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Алматы зоотехника-малдәрігерлік (1962) және Қазақ ауыл шаруашылық институтын (1969) бітірген. 1962—1974 жылы әкімшілік-шаруашылық органдарында жауапты қызметтер атқарған. 1974—1994 жылы “Абай” өндірістік құс шаруашылығы бірлестігінің бас директоры, 1994—1996 жылдары “Абай” аймақтық акционерлік компаниясының президенті болды. 1996—1999 жылдары Қазақ мемлекетін басқару академиясының проректоры, 1999 жылдан сонда профессор. Байбарақов Ешімбет ғылым-зерттеу жұмыстары құс шаруашылығы технологиясын жетілдіруге, ондағы өнімнің өзіндік құнын кемітуге, еңбек өнімділігін және шығын қайтарымдылығын арттыруға негізделген. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.

Шығармашылығы

  • Производство яиц на промышленной основе, А.-А., 1979;
  • Резервы промышленного птицеводства, А.-А., 1985;
  • Книга о продуктах птицеводства, А.-А., 1990;<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub