Ешкіөлмес петроглифтері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ешкіөлмес петроглифтері - Алматы облысындағы Ешкіөлмес жотасы бойында орналасқан қола дәуірінен сақталған құнды ескерткіштер, жартасқа таңбаланған суреттер. Ешкіөлмес петроглифтері Қазақстан терри­ториясында орна­ласқан әйгілі ескерткіштер ретінде «ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар» тізімінің «Аралас (Мәдениет+Табиғат) санатына» <ref>World Heritage Center: The Criteria for Selection</ref> 1998 ж. 28 қыркүйекте А.Марғұлан атындағы археология Институтының ұсынысымен ұсынылған<ref>Petroglyphs of Eshkiolmes - UNESCO World Heritage Centre</ref>. Үлгі:Main

Аймақтағы кешенді ескерткіштер тобын – жерлеу орындары – қорғандар, қорғандардың маңында кездесетін ғұрыптық қоршаулар, тас мүсіндер, балбал тастар, жартастардағы суреттер мен ру­лық таңбалар және қойтастарда кездесетін ойма жазулар құрайды. Қола дәуірінің 4000-нан астам петроглифтер жақсы сақталған. Жартастағы суреттер көне дәуір тұрмысының майда-мүйдесіне дейін: киімдері, құрал-саймандары туралы мәлімет береді<ref>Petroglyphs of Eshkiolmes - UNESCO World Heritage Centre</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Бастама

Үлгі:Қазақстандағы Әлемдік мұра