Ефим Ефимович Арон

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Кинематограф

Ефим Ефимович Арон (1906-1970), кинорежиссер.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері (1944).

Өмірбаяны

1926 ж. Мәскеудегі А. Роомның киношеберханасын бітірген соң, қызметін сол жылы режиссердің көмекшісі ретінде бастады.

Қазақстандағы темір жол құрылысына арналған «Түрксіб» фильмін қойды (1929), сцеранийін А. Мачерет, В. Шкловский, В. Туриндермен бірге жазды. Осыдан бастап оның шығармашылық жолы қазақ киноөнерімен байланысты болды. Арон режиссурамен көркем фильмдер мен деректі киноочерктер түсірді.

1945 ж. Әуезовтің қазақ халқының ұлы ақыны туралы романы негізінде «Абай әні» көркем фильмін қойды (Г. Рошальмен бірге). 1967 ж. осы фильмнің жаңа нұсқасын жасауға қатысты. Бұл туралы, сондай-ақ фильмді алғаш түсірген кезде ұлы жазушының ақыл-кеңесі, көмегі жөнінде «Абай әнінің» жаңа редакциясы» деген мақаласында жан-жақты баяндады («Алма-Атинская кинонеделя», 1967, 11-17 желтоқсан).

Сурет:Ефим Арон. Ескерткіш тақта. Алматы.jpg
Алматы қаласындағы Ефим Арон үйіндегі ескерткіш тақта

Түсірген фильмдері

Ұлы Отан соғысы жылдары Әскери киножинақтар (1941-42) шығару жұмысына атсалысты. Бұдан басқа қойған Көркем фильмдері "Абай әні" (1945. Г.Рошальмен бірге), "Алтын мүйіз" (1948), "Ботагөз" (1958), "Асау Ертіс жағасында" (1959), "Еңлікгүл шешек атқан жерде" (1965, Ш.Бейсембаевпен бірге) және документті киноочерктері "Біз металлургтерміз" (1962), "Бәріміз де шекарада сақшымыз" (1962). Арон қойған фильмдер Қазақ халқына тән ұлттық бояу мен тұрмыс көріністері шынайы бейнеленуімен ерекшеленеді<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>.

Марапаттары

Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталтан<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.

Фильмографиясы

Режиссер ретінде

Сценарист ретінде

Дереккөздер

<references/>Үлгі:Ефим Арон фильмдері