Ефим Абрамович Шостак

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шостак Ефим Абрамович (1931— 2002) Украинаның Уманс қаласында туды.<ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері.Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 жыл — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>

1948 жылы 10 сыныпты бітіріп, ол Львов полиграфия институтының инженерлік-экономика факультетіне оқуға түсті.1954 жылы институтты үздік бітіріп, Алматыға жұмыска жіберіліп, Алматы полиграф комбинатының жоспарлау бөліміне экономист болып орналасты. Жарты жылдан кейін түптеу-брошюра цехының бастығы қызметіне ауысты. Оның үлкен ұйымдастырушылық қабілеті мен білімді инженер екенін ескеріп, №2 баспахананың кітап өнімдерін шығаратын дербес бір бөліміне жетекші етіп жіберді. Екі жылдан кейін, яғни 1958 жылы, ҚазКСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік баспа комитетінің бас полиграфия басқармасының бастығы етіп тағайындады.

Мұнда ол республикалық, облыстық, қалалық, аудандық полиграфия мекемелерімен тығыз байланыста жұмыс істеді. Оның басшылығымен жұмыс істеп тұрған баспаханаларды кеңейту, қайта жабдықтау, жаңа құрылыстар жүргізу, жаңа технология енгізу, өндіріс үрдістерін ұйымдастыру, өнімдердің сапасын жақсарту мәселелері бойынша көптеген жұмыстар атқарылды. Осы қызметтері ескеріліп, ол Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бекітуімен, ҚазКСР Мемлекеттік баспа комитеті төрағасының орынбасарлығына жоғарылатылды. Ол 6 республикалық баспаның "Кітап" полиграфиялық бірлестігінің (оған Полиграфкомбинат, "Кітап" фабрикасы, №18 жедел басу баспаханасы кірді), 19 облыстық, 8 қалалық, 200 аудандық полиграфия мекемелерінің жұмысына басшылык етті.

Бұл салада да аянбай еңбек етті. Кітап фабрикасында фото терім цехы ұйымдастырылды, полиграф комбинат түсті-бояулы өнімдер шығара бастады, қайта жабдықталды. Көптеген аудандык газеттер офсетті басуға көшірілді, өндіріске жаңа техникалар енгізілді, полиграфиялық жабдықтарды жөндейтін республикалық зауыт пайдалануға берілді. Е.А.Шостак 1992 жылы зейнеткерлік демалысқа шықты.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}