Есіркеп Өмірбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

‘’’Есіркеп Өмірбеков’’’ (1920, Түркістан , Сарыөзен болысындағы Қаратау ауыл – 2001, Созақ ауданы Шолаққорған кенті) – шежіреші, ауыз әдебиетін жинаушы, өлкетанушы.


1930 ж. ауылдағы қызыл отаудан сауат ашады, 1939 ж. Шолаққорғандағы жеті жылдық мектепті бітіреді. 1941 ж. Түркістан педагогикалық училищесінде, 1956 ж. Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы партия мектебінде, 1959 ж. жоғары партия мектебінде оқиды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында жұмысшы болып істейді, Созақ ауданы «Социалистік шаруа» газетінің редакциясында әдеби қызметкер, редактор болады. 1952 ж. Созақ аудандық партия комитеті нің Созақ зонасы бойынша хатшысы. 1959 ж. Энгельс атындағы кеңшардың партия хатшысы қызметін атқарады. 1959 ж. «Молшылық үшін» газетінің редакторы болды, 1964 ж. Созақ аудандық кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары, халықтық бақылау комитеті нің төрағасы болды. Ол Созақ елінің өткені мен бүгініне қатысты тарихи деректерді жинаумен қатар өлең, поэмалар, очерктер жазды; Созақ өңірінің ақындары, домбырашылары, шешендері, бұрынғы билері, ел тағдырына із қалдырған тарихи адамдары, т.б. туралы аңыздар мен әңгімелер жинады. Ол Созақ өңірінің жиырмаға жуық (Құлыншақ, Шәді, Санбай, Айтжан, Тайжан, Бәйдібек, Мүсірәлі, Мәлік, Байсақал, т.б. ) ақындарының әдеби мұрасы жөнінде, сондай-ақ Қаратау атырабына белгілі күйшілер хақында аса қызықты мағлұмат топтаған. Солардың қатарында Сүгір, Бапыш, Жаппас, Төлеген, т.б. жиырмадан астам күйші домбырашылар туралы деректері, Абақ, Жаманқара, Сейділда, Кәрібай тәрізді батырлар турасындағы қызғылықты мағлұматтары бір төбе. Созақ елінің тарихы, табиғаты, өсімдігі, жан-жануарлар дүниесі, шаруашылығы жөнінде танымдық мәні зор деректері де мол. «Дәулет пен сәулет» (1968), «Шежірелі өлке» (2002), «Бабалар соқпағы» (2003), " Өмір керуені" (2015) атты кітаптары шыққан. <ref>"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}