Есім баяндауыш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Есім баяндауыш— есім сөздерден жасалған баяндауыш. Қазақ тілінде есім сөздердің қайсысы болса да, баяндауыш қызметінде жұмсала береді, оған орыс тіліндегі сияқты көмекші етістіктің дәнекерлігі шарт емес. Баяндауыш қызметіндегі 1, 2-жақтық есімдерге баяндауыштың грамматикалық басты тұлғасы болып табылатын жіктік жалғаулары жалғанады: мен студентпін, сен студентсің. Есім баяндауыш 3-жақта жіктік жалғауын қабылдамайды: ол студент, ол әдепті. Есім сөздер түбір қалпында да баяндауыш қызметін атқарады, ол үшін баяндауыш бастауыштан кейін тұрып, оның мүшелік қызметі дауыс ырғағы арқылы айқындалып тұруы қажет: ағаш көркі — жапырақ, (мақал). Зат есімдер көлемдік ұғымды білдіретін жатыс, шығыс септіктерінде тұрып та баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: "Бұл ауыл қазір Ой құдықта" (М. Әуезов). Есім сөздерден дара баяндауыштардан басқа күрделі баяндауыштар жасалады. Мысалы: "Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы" (Абай).<ref>Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Есім баяндауыш|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}