Есімғали Үмітбайұлы Жұманов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Есімғали Үмітбайұлы Жұманов1946 жылы 23 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Преснов ауданының Калиновка ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Жұманов Үмітбай. Анасы - Жұманова Айтжан. В.И. Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік керкемсурет институтының кескіндеме факультетін бітірген (1981), суретші-кескіндемеші.

Портрет, пейзаж, мистикалық сюрреализм жанрларында жұмыс істейді. «Арбаның ұзақ кеңістігі» (1998), «Түркістан-Иассауи нұры» (2005), «әл-Фараби - Отырар кітапханасы» (2005), «Еділ мен Рим қасқыры - XXI ғасыр» (2008) жұмыстарының авторы. Шығармалары «Қазақстан мәдениеті» көрмесінде (Париж, Франция, 1998); Дүниежүзілік мұсылман елдері кермесінде (Тегеран , Иран, 2000); Суретшілер одағының халықаралық конфедерациясы көрмесінде (Мәскеу , РФ, 2000); «Еуро-Азия» 2-ші халықаралық байқауында (Магдебург , Германия, 2001); «Астана-Бәйтерек» конкурстық көрмесінде (Астана, Қазақстан, 2005); «Бақтағы кездесулер» халықаралық көрмесінде (Бішкек , Қырғызстан, 2007); ШЫО халықаралық көрмесінде (Пекин, Қытай, 2009); ARTEXPO-2009 еуропалық көрмесінде (Осло, Норвегия, 2009) қойылған. Туындылары Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік енер мұражайында, «Ақ Орда» ҚР Президентінің резиденциясында, шетелдегі жеке коллекцияларда сақталуда. 1981 жылдан - Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің арнайы пәндер оқытушысы. 1991-2009 жылдары - арнайы пәндер оқытушысы, станок кескіндемесі кафедрасының меңгерушісі, шеберхана жетекшісі, Т. Жургенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры.

2010 жылдан бері - О. Таңсықбаев атындағы Алматы декоративтік-қолданбалы енер колледжінің арнайы пәндер оқытушысы. КСРО және ҚР Суретшілер одағының мүшесі (1981 жылдан). ҚР Суретшілер одағының басқарма мүшесі (1998-2010); хатшысы (1998-2009). ЮНЕСКО жанындағы «International Association of Art» мүшесі. 808.kz клубының және «Қазақстанның даңқ залының» мүшесі (2009 жылдан). ҚР Білім беру үздігі (1998). Мәдениет қайраткері (2001). Каспий маңы республикаларының аймақтық кермесінің 1989), Қазақстан халқы ассамблеясының (2007) дипломдарымен; «Арнайы пәндер оқытушысы» құрметті грамотасымен (1990) марапатталған.

Діни көзқарасы - діндар. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М.К. Ататүрік. Сүйіп оқитын әдебиеті- Қазақстан мен Шығыстың ежелгі тарихы, поэзия.

Үйленген. Жұбайы - Аушина Қуаныш Шәйкенқызы, дәрігер-педиатр. Ұлдары - Алмат, Дәуір, Төлеген Жұмановтар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub